|
Қазақстанның опера өнері
Құрметті тыңдарман! Қолыңыздағы альбом Қазақстанның опералық өнеріне арналған 3 дискіден құралған. Бұл туындыКока-Кола қоры (The Coca–Cola Foundation) грантының арқасында жарыққа шықты, сол үшін біз оларға алғысымызды білдіреміз.
Қазақстанның музыкалық мұрасының елеулі бөлігін жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып жатқан «Асыл мұра» гуманитарлық жобасының жаңа кезеңінің бастауы ретінде осы бірегей жинақты сіздерге үлкен қуанышпен ұсынамыз.
Үш дискіде бір-бірімен тығыз байланысты еліміздің музыкалық тарихының үш кезеңіне шолу жасалған: көне қазақ мәдениетіне тыңнан қосылған еуропалық жанрдың сіңісу кезеңі, қазақстандық сазгерлер мектебінің қалыптасуы және танымал әншілер мен дирижерлер арқылы, көрнекті туындыларымен есте сақталған театрдың (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры) тарихы баяндалған.
Қазақстанда опера өнерінің пайда болуы мен қалыптасуына салыстырмалы түрде өте аз уақыт өтті – 1926 жылы Қазақ драмалық теарты ашылып, 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының қабырғасында Евгений Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы «Қыз Жібек» көрермен назарына ұсынылып, олардың ыстық ықыласына ие болды. Ұлттық және еуропалық дәстүрдің озық үлгілерін айшықтайтын музыкалық-сахналық туынды Мәскеудегі қазақ өнерінің онкүндігінде (1936) және Ленинградтағы гастрольде (1938) сыншыл көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, шығармашылық табыс деп мойындалды. Көрермендер мен сыншылар қазақ даласында опера өнерінің тұсау кесіп, қаз тұрғанына куәгер болды. «Қыз Жібек» операсын «біртұтас», «көркемдігі жоғары» шығарма деп танып, спектакльді «түрлі әсерге бөлейтін тамаша туынды» деп бағалады.
Бірінші опералық спектакльдің жетістігін Е.Брусиловскийдің музыкалық шешімі соған жақын келесі туындылары - «Жалбыр» (1935) мен «Ер-Тарғын» (1937) одан ары бекітті. Нөмірлердің оркестрмен өңделуі барынша ықшам және орынды болғандықтан әншілерге қиыншылық туғызбады, есесіне костюмдер мен сахнаның безендірілуі шығарманың көркемділігін арттырып, жарқырата түсті.
Қазақ опералық өнерінің шыңы деп жыл сайын жаңа театр маусымын ашатын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы (1944) және бүкілодақ деңгейінде мойындалған (КССР Мемлекеттік сыйлығын иемденген) Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсы (1946) болып саналады.
Бұл туындылар вокальдық партиялардың күрделілігіне, шиеленісті дамуына байланысты мүлдем жаңа құбылыс болып танылды. Алдыңғы операларда халықтық музыка ғана қамтылса, кейінгі туындыларда Абай шығармалары мен халық әншілерінің әуендері де пайдаланылды. Оларда операға тән барлық жанрлар – ария, речитатив, дуэт, ансамбль, хор, би, аспаптық эпизодтар бой көрсетті.
Ұлттық мелосты түзу жолында (халықтық шығармалармен қатар авторлық туындылардың барынша қамтылуы) қазақ опералық музыкасының дамуы одан әрі өрістеді. Әсіресе 70-жылдардың көрнекті туындылары – Е. Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы мен Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсын ерекше атап өткен жөн.
Алғашқы спектакльдердің тәжірибесі көрсеткендей, ұлттық қойылымдармен қатар орыс және еуропалық классиктердің озық туындыларына бой ұратын кез жетті. Абай атындағы АОБТ сахнасында әр жылдары орыс опералары (П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», «Қарғаның мәткесі», «Мазепа» опералары, С. Рахманиновтың «Алеко» операсы, М. Глинканың «Иван Сусанин», «Ақшақар», Н. Римский-Корсаковтың «Патшалық қалыңдық», А. Даргомыжскийдің «Су перісі», А. Рубинштейннің «Пері» опералары); кеңестік композиторлер туындылары (Ю. Мейтус «Жас гвардия», З. Палиашвили «Даиси» опералары) және шетелдік классиктердің еңбектері (Дж. Верди «Травиата», «Риголетто», «Трубадур», «Аида», «Бал Маскарад»; Дж. Пуччини «Мұң», «Мадам Баттерфляй», «Турандот», «Богема», В. Моцарт «Фауст», «Ромео мен Джульетта» Ш. Гуно, «Кармен» Ж. Бизе, «Дон Жуан», Дж. Россини «Севильдік шаштараз», Ж. Массне «Манон», Л. Делиба «Лакме», Д. Доницетти «Дон Паскуале», «Лючия ди Ламмермур», «Махаббат шырыны») және т.б. қойылды.
Бұл альбомда өткен ғасырдағы барлық ұлттық опералық туындыларының үзінділері шоғырланған – Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер-Тарғын», «Дударай» опералары; Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай», «Төлеген Тоқтаров» опералары; Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы; Садық Мұхамеджановтың «Айсұлу», «Жұмбақ-қыз», «Ақан сері - Ақтоқты» опералары; Құддыс Құжамияров «Нәзігім»; Ғазиза Жұбанова «Еңлік-Кебек», «Жиырма сегіз», Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың «Құрманғазы» операсы, сондай-ақ Абай атындағы АОБТ қабырғасында қойылған орыс және шет ел классиктерінің жекелеген шығармалары қамтылды.
Мұрағаттағы жазбалар, соның ішінде 30-жылдардағы туындылар ерекше қызығушылық тудырады.
Альбомға қазақ опералық өнерінің саңлақ әншілері театр труппасына келген ретіне байланысты енгізілген. 1-ші дискте – ең алғашқы орындаушылар - М. Ержанов, К. Байсеитова, Қ. Жандарбеков, Ғ. Құрманғалиев, Р. Мұсабекова, одан кейінгі топ – Ш. Бейсекова, К. Кенжетаев, Б. Досымжанов, А. Үмбетбаев, Э. Епонешникова, Р. Абдуллин, одан кейін конверваторияның бірінші түлектері - А. Байқадамова, Е. Серкебаев, Р. Жаманова, Б. Төлегенова орналасқан.
2-ші диск ХХ ғасырдың 70-ші – 80-ші жылдардың әншілері – Ғ. Есімов, Р. Жұбатырова, Н. Каражігітов, М. Мұсабаев, Ж. Баймулдина. Ш. Үмбетәлиев, Х. Қалиламбекова, А. Байтоғаев, С. Құрманғалиевалардың жазбаларын қамтиды.
3-ші диск кейінгі жас әншілердің көрнекті өкілдері – Ә. Дінішев, Н. Үсенбаева, М. Төлегенова, М. Мұхамедқызы, Ж. Баспақовалардың жазбаларын қамтиды.
Құрметті тыңдарман! Жазбаларды ретімен тыңдау арқылы қазақ вокальдық өнерінің дамуы жайлы жан-жақты мағлұмат аласыз – алғашқы орындаушылардың таза ұлттық мәнерінен бастау алып, олардан кейінгі әншілердің жеңіл этникалық «екпінге», академиялық шырқауға ауысқанын байқайсыз. Мұның өзі заңдылық та: театрдың негізін қалаушылар еуропалық вокальдық мектептен өтпеген табиғи таланттар болса, келесі буын әншілер академиялық ән шырқаудың қыр-сырын Мәскеу консерваториялық студиясының жанында меңгерді. Ал орта және жас буын өкілдері кәсіби вокальды мектептен өтті. Олардың басым көбі вокальды орындаушылардың әлемдік деңгейдегі сайыстарының жеңімпаздары, оларды әлемнің түрлі опералық сахналары өнер көрсетуге шақырады.
Альбом Абай атындағы АОБТ қызмет еткен дирижерлер жайлы да мәлімет береді. Олар – И. Коцык, Г. Столяров, И. Зак, Г. Дугашев, Ф. Мансуров, Т. Османов, В. Руттер, Т. Мыңбаев, Б. Жаманбаев, К. Ахметов, Н. Жарасов.
Қазақ опералық өнерінің туындауына қазақ халқының ұлттық музыкалық байлығы мен алғашқы әнші-әртістердің табиғи дарыны ғана негіз болмағанын айта кету керек. Қазіргі кезде екі мәдениеттің тұтасып, тамаша үйлесім табуына ұлттық дәстүр өкілдері де үлес қосқанын атап өтуіміз керек, мәселен сал-серілердің әртістік қабілеті мен әншілік мәдениеті де еш өнер тарландарынан кем болмаған. Олардың өнері «сахналық» сипат алып, халыққа қызмет етті.
Сондықтан да қазақ сахналық музыкалық өнерінің жоғары шарықтап, алғашқы қойылымнан-ақ халықтың құрметіне ие болуына, көрерменннің оны жатырқамай қабылдауына таңданудың қажеті жоқ. Себебі еуропалық опера өнері халық дәстүрінің құнарлы топырағына түсіп, жеміс берді.
Қорыта келе, тыңдарман назарын аударғымыз келетін тағы бір жайт, өкінішке орай кейбір алғашқы магниттік таспалар қажетті деңгейде өңделмегенімен, ұйымдастырушылар мен жоба сарапшылары олардың сирек кездесетін құнды жазба екенін атап өтті.
Қазақстан халқының өнердегі жетістігін әйгілейтін озық тұлғалар шығармашылығымен танысып, тамаша туындыларды тыңдап, ләззат алуға тілектеспіз!
1 Диск
1. Е. Брусиловский. «Қыз Жібек» операсындағы Шегенің әні мен термесі.
2. М. Төлебаев. «Біржан мен Сара» операсындағы Естайдың амандасуы.
3. Е. Брусиловский. «Қыз Жібек» операсындағы Қыз Жібектің түсі.
4. Е. Брусиловский. Қыз Жібек» операсындағы Бекежанның әні мен Қыз Жібектің жауабы.
5. Е. Брусиловский. "Жалбыр" операсындағы Елеместің әні «Ақбаян».
6. Е. Брусиловский. "Жалбыр" операсындағы Елеместің әні «Балқадиша».
7. Е. Брусиловский. «Қыз Жібек» операсындағы Қыз Жібектің әні «Толқыма».
8. Е. Брусиловский. «Қыз Жібек» операсындағы Қыз Жібек пен Төлегеннің дуэті «Гәкку».
9. М. Төлебаев. «Біржан мен Сара» операсындағы Біржан мен Аналықтың дуэті.
10. Е. Брусиловский. "Дударай" операсындағы Мария мен Думанның дуэті.
11. Е. Брусиловский. «Қыз Жібек» операсындағы Бекежанның әні «Көк Жендет».
12. Е. Брусиловский. «Қыз Жібек» операсындағы Бекежанның әні «Жиырма бес».
13. Ж. Массне. "Дон Сезар де Базан" операсындағы Севиллиана.
14. А. Жұбанов, Л. Хамиди. "Абай" операсындағы Абайдың ариясы.
15. А. Жұбанов, Л. Хамиди. «Төлеген Тоқтаров» операсындағы Жадаевтың ариясы.
16. Қ. Құжамияров. «Назугум» операсындағы Назугум ариозосы.
17. Дж. Пуччини. "Тоска" операсындағы Тосканың ариясы.
18. А. Жұбанов, Ғ. Жұбанова. «Құрманғазы» операсындағы Құрманғазы ариозасы.
19. Дж. Россини. «Севильдік шаштараз» операсындағы Фигаро ариясы.
20. Ғ. Жұбанова. «Еңлік-Кебек» операсындағы Еңліктің ариясы.
21. Н. Римский-Корсаков. «Ақшақар» операсындағы Ақшақардың ариясы.
Солисттер:
КССР халық әртістері К. Байсеитова (3,4), Р. Абдуллин (14,15), Е. Серкебаев (18,19), Р. Жаманова (16,17), Б. Төлегенова (20,21).
ҚазССР халық әртістері М. Ержанов (1,2), Қ. Жандарбеков (4), Ғ.Құрманғалиев (5,6), Ш. Бейсекова (7,8), Б. Досымжанов (8), А. Үмбетбаев (9,10), Э. Епонешникова (10), К. Кенжетаев (11,12), А. Байқадамова (13).
ҚазССР еңбек сіңірген әртісі Р. Мұсабекова (9).
Орындаушылар:
Абай атындағы АОБТ хоры мен оркестрі.
Дирижерлер: И. Коцык (1), Г. Столяров (9,15), И. Зак (10), Г. Дугашев (3,4,11,12,16,17), Т. Османов (7,8,14,18,19,20), Ф. Мансуров (2,5,6).
Мәскеу радиосының П.И.Чайковский атындағы үлкен симфониялық оркестрі.
Дирижер: Ф. Мансуров (21).
Концертмейстер:
ҚазССР халық әртісі С. Коган (13).
2 Диск
1. А. Жұбанов, Ғ. Жұбанова. «Құрманғазы» операсындағы Құрманғазы ариясы.
2. C. Мұхамеджанов. «Жұмбақ қыз» операсындағы Сәкеннің ариясы.
3. П. Чайковский. "Евгений Онегин" операсындағы Онегиннің ариозасы.
4. Е. Брусиловский. «Ер-Тарғын» операсындағы Ақжүністің ариясы.
5. Ғ. Жұбанова. «Жиырма сегіз» операсындағы Раушанның әні.
6. С. Мұхамеджанов. «Жұмбақ қыз» операсындағы Адақ пен Назымның дуэті.
7. Ғ. Жұбанова. «Еңлік-Кебек» операсындағы Кебектің ариозасы.
8. Ғ. Жұбанова. «Еңлік-Кебек» операсындағы Абыздың монологы.
9. Е. Рахмадиев. "Алпамыс" операсындағы Алпамыстың ариясы.
10. В. Беллини. "Пуритандар" операсындағы Эльвираның ариясы.
11. Дж. Пуччини. "Богема"операсындағы Мимидің әңгімесі.
12. М. Төлебаев. «Біржан мен Сара» операсындағы Жанботаның ариясы.
13. Е. Рахмадиев. "Алпамыс" операсындағы Тайшық ханның монологы мен ариясы.
14. Е. Брусиловский. «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің әні «Гәкку».
15. С. Мұхамеджанов. «Ақансері мен Ақтоқты» операсындағы Ақтоқтының ариясы мен речитативі.
16. Е. Рахмадиев. "Алпамыс"операсындағы Қарагөздің ариясы.
17. С. Мұхамеджанов. "Айсулу" операсындағы Қасеннің әні.
18. М. Төлебаев. «Біржан мен Сара» операсындағы Сараның ариясы.
19. Ғ. Жұбанова. «Еңлік-Кебек» операсындағы Еңліктің ариясы.
Солисттер:
КССР халық әртістері :
Г. Есімов (1,2,3), Р. Жұбатырова (4,5,6), Н. Қаражігітов (6,7), М. Мұсабаев (8,9), Ш. Үмбетәлиев (12,13), Х. Қалиламбекова (14,15,16), С. Құрманғалиева (18,19).
ҚазССР еңбек сіңірген әртістері:
Ж. Баймолдина (10,11), А. Байтоғаев (17).
Орындаушылар:
Абай атындағы АОБТ хоры мен оркестрі.
Дирижерлер: Т. Османов (10,17,19), Б. Жаманбаев (1,2,4,12,14), В.Руттер (3,5,6,9,13,15,16), Т. Мыңбаев (7,8).
Концертмейстерлер:
ҚазССР халық әртісі С. Коган (11),
О. Львова (18).
3 Диск
1. Дж. Верди. "Травиата" операсындағы Виолеттаның ариясы.
2. Ш. Гуно. "Фауст" операсындағы Маргаританың ариясы.
3. Ш. Гуно. "Ромео мен Джульетта" операсындағы Джульеттаның вальсі.
4. П. Чайковский. "Евгений Онегин"операсындағы Ленскийдің ариозасы.
5. П. Чайковский. "Евгений Онегин" операсындағы Ленскийдің ариясы.
6. Н. Римский-Корсаков. "Мамыр түні" операсындағы Левконың ариясы.
7. А. Жұбанов, Л. Хамиди. "Абай" операсындағы Ажардың ариясы.
8. Дж. Верди. "Риголетто" операсындағы Джильданың ариясы.
9. Г. Доницетти. "Шамундық Линда" операсындағы Линданың ариясы.
10. О. Николаи. «Виндзорлық өсекшілер» операсындағы Мадам Флютаның ариясы.
11. Дж. Пуччини. "Турандот" операсындағы Лиудың ариясы.
12. Н. Римский-Корсаков. «Патшалық қалыңдық» операсындағы Марфаның ариясы.
13. Е. Рахмадиев. "Алпамыс" операсындағы Гүлбаршынның ариясы.
Солисттер:
КССР халық әртісі Ә. Дінішев (4,5,6).
ҚР халық әртісі, Татарстанның халық әртісі Н. Үсенбаева (1,2,3).
ҚР еңбек сіңірген әртісі М. Мұхамедқызы (8,9,10).
ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері М. Төлегенова (7), Ж. Баспақова (11, 12, 13).
Орындаушылар:
Абай атындағы АОБТ хоры мен оркестрі.
Дирижерлер: В. Руттер (1,3,4,5), Р. Салауатов (7), Н. Жарасов (9), К. Ахметов (8,10);
Мәскеу радиосының П.И.Чайковский атындағы үлкен симфониялық оркестрі.
Дирижер: В. Понькин (11,12,13);
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі.
Концертмейстер:
ҚазССР еңбек сіңірген әртісі Г. Кононенко (2).
|